Жаңалықтар

Аида Балаева жаңа қызметке тағайындалды

Аида Балаева жаңа қызметке тағайындалды

Аида Балаева Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ozgeris.info. 

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды", – деп хабарлады Ақорда.

Бұған дейін Мәжіліс Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына Аида Балаеваның кандидатурасына келісім берген болатын. 

"Бұл мәселе "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес қаралды", – делінген Мәжіліс таратқан хабарламада.

Барлық жаңалық