Айбек Смадияров Ақордаға қызметке тағайындалды, деп хабарлайды ozgeris.info.
Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Смадияров Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.
Айта кетейік, Айбек Смадияров 6 желтоқсанда сырты істер министрлігінің ресми өкілі қызметінен кеткен болатын. Смадияров бұл қызметке 2018 жылы тағайындалды. Бір жылдан кейін Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болды, ал 2023 жылдың маусымынан бастап СІМ-нің Коммуникациялар департаментінің директоры қызметін атқарды.