Әнші Бақыт Тұрман әлеуметтік желіде тараған видеосынан кейін желі қолданушыларының қатаң сынына ұшырады, деп хабарлайды ozgeris.info.
Бейнежазбада өнер иесі күйеуі Қайрат Әділгереймен бірге трендке сай видео түсірген. Аталған жазба «Мен әйеліме сененмін» тренді аясында жарияланған.
Видеода әншінің жұбайының басынан теуіп өткені байқалады. Бұл көрініс желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсіп, көпшіліктің наразылығын тудырды.
Пікір білдіргендердің бір бөлігі мұндай әрекетті орынсыз деп бағалап, «тренд үшін тым артық кеткен» деген сыни көзқарастарын жазды.
Ал кейбір желі қолданушылары видеоны әзіл ретінде қабылдап, оның қалжың үшін түсірілгенін, трендтің бір бөлігі екенін айтып, өнер иесін қорғап шықты.