Белгілі әнші Жігер Ауыпбаев өзінен 15 жас кіші қызбен екінші рет шаңырақ көтерді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Бұл туралы ол желідегі парақшасында бөлісті.
Желіде ұзату тойдан таралған кадрларда келіншегі Муминаның іші шығып тұрғаны байқалады.
Мұны көрген жұрт оның аяғы ауыр екенін айтып, болжам жасауда.
"Аяғы ауыр сияқты, зорға жүріп келеді", "Аяғы ауыр ма?", "Тоғыз ай санаймыз енді", "Ыржалаңдап тұрғаны несі", "Некесі қиылмай жатып жүкті ме", "Әрең жүр ғой мына қыз", - деп жазды оқырмандар.
Алайда Муминаның өзі мұны жоққа шығарып, жазба жариялады.
"Адамның алдында ақталмаймын. Алланың алдында арым таза. "Жүкті болып тұрмысқа шыққан" деген секілді өз ақыретіне бейжай қарайтын хейтерлеріме айтарым: Аллаға сансыз шүкір, ата-анамның берген тәрбиесін аяққа таптайтын арсыз жан емеспін! Ақыреттік амал дәптерлеріңізді қандай амалға толтырсаңыздар да өздеріңіз білесіздер. Ал бізге шынайы бақыт тілеп жатқандарға алғысым шексіз", - деп жазды ол.