💰 Экономика

АИ-95 бағасы 300 теңгеден асуы мүмкін

Қазақстанда бензин бағасы қыркүйек айының басынан бері тұрақты түрде өсіп келеді. Digital Business дерегінше, 18 қыркүйек күнгі жағдай бойынша АИ-92 – 233 теңге, АИ-95 – 298 теңге, дизель – 323 теңге болды, деп жазады Ozgeris.info.

Ай басындағы көрсеткіштермен салыстырсақ, 2 қыркүйекте АИ-92 – 225 теңге, АИ-95 – 285 теңге еді. 16 қыркүйекте АИ-92 – 231 теңгеге, АИ-95 – 295 теңгеге жетті. Ал соңғы екі күнде баға тағы 2-3 теңгеге көтерілді.

Қысқасы, ай басталғалы АИ-92 сегіз теңгеге, АИ-95 он үш теңгеге қымбаттады. Орта есеппен бензин күніне 1 теңгеге өсіп отыр. Осы қарқын сақталса, келесі апта басында АИ-95 бағасы 300 теңгеден жоғары болуы ықтимал.

Барлық жаңалық