Жаңалықтар

"АЭС құрылысын бөліп төлеуге болады". Елімізде АЭС қалай салынбақ

"АЭС құрылысын бөліп төлеуге болады". Елімізде АЭС қалай салынбақ

Қазақстанда бөліп төлеу арқылы атом электр станциясын (АЭС) салу мүмкіндігі талқылануда, деп хабарлайды ozgeris.info.

Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов әзірге қандай компания АЭС салатыны және жобаны қаржыландыру қалай жүргізілетіні туралы шешім қабылданбағанын мәлімдеді.
"Қаралып отырған нұсқалардың бірі - бөліп төлеу арқылы АЭС салу. Бұл жобамен айналысатын компания төлемдерді кейінге қалдыруды ұсына алады, бұл құрылыс кезеңінде айтарлықтай шығындарды болдырмауға мүмкіндік береді", - деп түсіндірді Қасенов.
Ол сондай-ақ әзірге қаржыландыру мәселесі бойынша нақты ақпарат жоқ екенін, өйткені құрылысқа кімнің жауапты болатыны анықталмағанын атап өтті. Жобаның ықтимал залалдылығы туралы сұраққа жауап бере отырып, вице-министр:
"Жоба залалды бола алмайды, себебі оның пайдалылығы тарифтерге байланысты болады. Жобаға байланысты барлық шығыстар тарифтерге енгізіліп, олар арқылы өтелетін болады.",- деп жауап берді.
Барлық жаңалық