Жаңалықтар

Адвокат Нұрай Серікбайдың ісіне қатысты маңызды мәлімдеме жасады

Адвокат Нұрай Серікбайдың ісіне қатысты маңызды мәлімдеме жасады

Шымкентте көшеде пышақ жарақатынан қаза тапқан Нұрай Серікбайдың ісі бойынша кезекті маңызды процессуалдық кезең өтті. Бұл туралы адвокат Аянхан Омаров мәлімдеді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты BAQ.KZ-ке сілтеме жасап. 

Омаровтың сөзінше, прокурор күдіктіге қатысты айыптау актісін түзіп, қылмыстық істі Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолдады.

Осылайша, сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталып, ендігі кезеңде іс сотта мәні бойынша қаралатын болады. Жәбірленуші тараптың өкілі ретінде сот процесінде олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жалғастырамыз. Істің жан-жақты, толық әрі объективті қаралуы үшін заңда көзделген барлық шаралар қабылданатын болады, - дейді адвокат.

Оған қоса, Аянхан Омаров жәбірленуші тарап істің тікелей эфирде өткізілуін талап ететінін хабарлады. 

Барлық жаңалық