Шоу-бизнес

«Адамға өмірін сүруге мүмкіндік беріңіздер»: Альмира Тұрсын желідегі жеккөрушілікке қатысты пікір білдірді

«Адамға өмірін сүруге мүмкіндік беріңіздер»: Альмира Тұрсын желідегі жеккөрушілікке қатысты пікір білдірді

Танымал режиссер Ақан Сатаевтың екінші әйелі, актриса Альмира Тұрсын әлеуметтік желідегі парақшасында мағыналы жазба жариялап, көпшіліктің назарын өзіне аударды, деп хабарлайды Ozgeris.info ақпарат порталы.

 

Актриса соңғы уақытта желіде өзгенің жеке өмірін талқылау, жорамал жасау, тіпті жеккөрушілік пен қарғыс айту көбейгенін меңзеп, оқырмандарына ой салатын үндеу жолдады. Оның айтуынша, әр адамның өмірі – жеке кеңістік, ал жан дүниесі – сырт көзге беймәлім тылсым.

 

«Біреудің нені бастан өткергенін, не үшін дәл осындай таңдау жасағанын, қандай жарасын жазып жүргенін білмейміз. Сырттай отырып үкім айту да, сұралмаған кеңес беру де оңай», – деп жазды ол.

 

Альмира Тұрсын әр адамның өз жолы, өз қателігі мен жеңісі бар екенін атап өтті. Сондай-ақ көргеннің бәріне пікір білдіру міндет емес екенін, түсінбеген нәрсенің барлығы түсіндіруді талап етпейтінін жеткізді.

 

Жазбасының соңында актриса жұртты мейірім мен сабырға шақырып, әр адамға өз өмірін өзі қалағандай сүруге мүмкіндік беруге үндеді.

 

«Адамға өз өмірін сүруге мүмкіндік беріңіздер – сізге дұрыс көрінетін өмірді емес», – деп түйіндеді ол.

Барлық жаңалық