✅ Пайдалы

Адамдарды рұқсатсыз түсіруге тыйым салынуы мүмкін

Өзбекстанда адамның келісімінсіз фотоға немесе бейнежазбаға түсіруге тыйым салу мәселесі қаралып, Олий Мәжілістің Заң шығарушы палатасы жеке өмірді қорғауға бағытталған заң жобасын талқыланып жатыр, деп жазады Ozgeris.info.

Kun агенттігінің хабарлауынша, құжатта адамның бейнесін пайдалануға да шектеу қойылуы мүмкін. Егер заң қабылданса, фото немесе видео түсіру үшін адамның өзі рұқсат беруі тиіс. Әрекетке қабілетсіз адамдардың келісімін олардың заңды өкілдері береді, ал егер адам қайтыс болып, өмірінде рұқсатын бермеген болса, мұрагерлерінің шешімі ескеріледі.

Балалардың құқықтарына ерекше мән берілген. 16 жасқа дейінгі балаларға қатысты шешімді ата-аналары немесе қамқоршылары қабылдайды. Ал 16 жастан бастап жасөспірімдер өздері келісім бере алады.

Құжатта бейнебақылауға қатысты талаптар да көрсетілген. Камералар орнатылған ғимараттар мен нысандарда міндетті түрде ескерту белгілері болуы тиіс.

Қазіргі таңда заң жобасы талқыланып жатыр, сондықтан ережелер қабылданса, Өзбекстанда жеке өмірді қорғау шаралары едәуір күшейтілмек.

Барлық жаңалық