Шоу-бизнес

«Абайдың өзі ұрғашы деп жазған»: Тағы бір имам дауға қалған қарияны жақтап шықты

«Абайдың өзі ұрғашы деп жазған»: Тағы бір имам дауға қалған қарияны жақтап шықты

Танымал дінтанушы Райымбек Жанәділ желідегі парақшасында тойда уағыз айтқан қарияны жақтап шықты, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Айтуынша бұрынғы заманда жыршы-жырауларымыз әйелдерді "ұрғашы деп атаған. 

"Кешегі қарияны жерден алып жерге салып жатырмыз. Иә, ақсақалдың сөзі бір қарағанда дөрекі естілген шығар. Бірақ қазақ тілінің әмбебап сөздігінде ұрғашы деп әйел жамағатын, қатын-зайып деп сипатталады. Шәкәрім бабамыздың 1911 жылы Орынборда басылып шыққан "Мұсылмандық шарты" кітабының 62 бетінде ұрғашы сөзін пайдаланған. Бұхар жырау бабамыз да бұл сөзді қолданған. Абай Құнанбайұлының "Масғұт" поэмасында да кездеседі. Бұл балағат емес, не боқтық сөз емес. Біз қазақ әдебиетінен алыстап, көшенің сөзіне үйір болып алдық. Бұл ақсақал мәдениетімізді талқандады дейін десең қазіргі той мәдениет деп айтға келе ме?", - деде ол. 

Желі қолданушыларының бірі қолдаса, енді бірі бұл сөздің кемсіту екендігін жазуда. 

Барлық жаңалық