YouTube желісінде белгілі тележүргізуші Динара Сәтжанның арнасында «Respublica» партиясының төрағасы Айдарбек Ходжаназаров пен «Ақ жол» партиясының өкілі Дания Еспаева арасында пікірсайыс өтті,деп жазады Ozgeris.info.
Мұндай формат бұған дейін тек телеарналар арқылы ұсынылатын, ал бұл жолы саяси дебат алғаш рет онлайн платформада жарық көрді.
Кәсіпкерлік, несие саясаты және отандық өндіріс мәселелері сөз болған сәтте Айдарбек Ходжаназаров ел экономикасын дамытудың өзіндік жаңа концепциясын ұсынды.
«Абайды Абай еткен не екенін білесіздер ме? Ол Құнанбайдың байлығы. Егер Құнанбай бай болмаса, Абай Абай болмас еді. Өйткені оның ізденуге, білім алуға уақыты болмас еді», - деді ол.
Спикердің сөзінше, бұл тарихи мысалдың бүгінгі қоғам үшін де маңызы зор. Елде қаржылық жағдайы жақсы, ауқатты азаматтар көбейсе, интеллектуалды әрі рухани тұрғыдан дамыған тұлғалардың қалыптасуына да жол ашылады.
Саясаткер экономикалық өсімді тек өндіріс көлемін ұлғайтумен немесе жұмыс орындарын ашумен ғана шектеуге болмайтынын атап өтті. Басты мақсат — әрбір азаматтың қаржылық тәуелсіздікке қол жеткізуіне жағдай жасау.
Бұл қызу пікірсайыс 23 тамызға жоспарланған Құрылтай сайлауы қарсаңында өтті. Еліміздегі бұрынғы қос палаталы Парламенттің орнына құрылған бұл жаңа өкілді органға өту үшін бүгінде жеті саяси партия өзара бақ сынасуда.