Қоғам

Абай облысы тас жолында төтенше жағдай: 35 адам эвакуацияланды (ВИДЕО)

Абай облысы тас жолында төтенше жағдай: 35 адам эвакуацияланды (ВИДЕО)

Абай облысында құтқарушылар тас жолда қалып қойған жолаушыларды эвакуациялады. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады деп мәлімдейді Оzgeris.info.

 

«Зайсан – Өскемен» бағытындағы республикалық маңызы бар автожолда, Жарма ауданына қарасты Қалбатау ауылы маңындағы блокбекетте жолаушылар автобусы тоқтаған. Ауа райының қолайсыздығына байланысты қозғалыс шектеліп, автобус әрі қарай жүре алмаған.

 

Оқиға орнында жедел әрекет еткен құтқару қызметі автобуста болған 35 адамды, оның ішінде 5 баланы, жақын маңдағы жылыту пункттеріне орналастырды. Барлық эвакуацияланған азаматтарға қажетті жағдай жасалды.

 

Тексеру барысында ешкімнің медициналық көмекке мұқтаж еместігі анықталды. Құтқару жұмыстары қауіпсіздік талаптарына толық сәйкес жүргізілді.

 

Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарды ауа райы қолайсыз кезеңде алыс жолға шықпас бұрын сақтық шараларын қатаң сақтауға және жолдағы шектеулер туралы ресми ақпаратты қадағалап отыруға шақырады.

 

Барлық жаңалық