Астанада небәрі 80 мың теңге үшін адам ұрлаған қылмыстық топ сотталды. Орталық Азия елдерінің бірінен келген алты шетелдік азаматқа адам ұрлау және өзбилеушілік баптары бойынша ауыр жаза тағайындалды деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Тергеу барысында анықталғандай, алдымен айыпталушылардың бірі жәбірленушіге күш қолданып, қорқыту арқылы 80 мың теңгені аударуға мәжбүрлеген. Осыдан кейін қылмыстық топ мүшелері бірігіп, пайдакүнемдік мақсатта жәбірленушіні күштеп ұрлап әкеткен.
Прокуратураның мәліметіне сүйенсек, сот істі жан-жақты қарап, айыпталушылардың кінәсін толық дәлелдеп шықты. Сот үкімімен бес қылмыскер сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Ал адам ұрлауға тікелей жәрдемдескен тағы бір сыбайласы темір торға жеті жарым жылға қамалды.