Адвокат Аянхан Омаров марқұм Нұрай Серікбайға қатысты желіде қатыгез пікір жазған адам анықталды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Нұрайға қатысты желіде «72 рет пышақ тығар едім» деп ашық түрде қауіпті пікір жазған @dkraken9 аккаунтының иесі анықталды.
«Полиция қызметкерлері аталған азаматқа қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 456-2-бабының 3-бөлігі (Онлайн-платформалар арқылы құқыққа қайшы контентті жариялау немесе тарату) бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Іс алдағы уақытта сотта қаралады. Заңнамаға сәйкес, құқық бұзушыға 20 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынуы мүмкін», - деді ол.
Адвокаттың айтуынша, аталған аккаунт иесінің осы мағыналас басқа да құқыққа қайшы комментарийлер жазғаны белгілі болған. Сондықтан бұл істің барысы мен сот шешімі бойынша қосымша ақпарат берілетіні хабарланды.
Бұл оқиға әлеуметтік желіде (Instagram, TikTok, Telegram т.б.) жазылған кез келген пікір мен жазба үшін де заң алдында жауапкершілік жүктелетінін айқын көрсетеді.