Шоу-бизнес

«67 миллион қарыз»: Индира Елемес күйеуі мен Арман Дүйсенов арасындағы дау туралы шыңдықты айтты

 «67 миллион қарыз»: Индира Елемес күйеуі мен Арман Дүйсенов арасындағы дау туралы шыңдықты айтты

Танымал әнші Индира Елемес журналист Руслан Өтепбайға берген сұхбатында соңғы уақытта қоғамда кеңінен талқыланып жүрген жеке өмірі мен марқұм сазгер Арман Дүйсеновке қатысты қаржылық дау жөнінде ашық пікір білдірді. Өнер иесі өз атына тағылған түрлі айыптауларға нақты жауап беріп, көпшілік арасында тараған әңгімелердің шындыққа жанаспайтынын айтты, деп хабарлайды Оzgeris.info.

 

Әншінің сөзінше, ол қазіргі жұбайымен мерекелік шаралардың бірінде танысқан. Айта кетуінше, таныстық кезінде болашақ жары ресми некеде болмаған және ешқандай отбасылық міндеттемесі жоқ болған. Осылайша, Индира өзін «екінші әйел» деп айыптаған пікірлерді жоққа шығарды.

 

«Кейбір адамдар мені біреудің отбасын бұзды деп айыптап жатыр. Бұл шындыққа сәйкес келмейді. Біз танысқан сәтте ол кісі жалғыз болатын. Арамызда жас айырмашылығы бар екені рас, бірақ бұл біздің қарым-қатынасымызға кедергі болған жоқ», – деді әнші.

 

Сұхбат барысында марқұм сазгер Арман Дүйсенов пен Индира Елеместің жұбайы арасындағы қаржылық мәселелер де қозғалды. Әншінің айтуынша, ол бұл жағдайдан ұзақ уақыт бойы бейхабар болған.Бұл мәселе жайлы ол алғаш рет маусым айында марқұмның жары Айсұлу ханымнан естіген. Алайда кейін жағдайдың екі түрлі нұсқасы бар екені белгілі болған.

 

«67 миллион теңге жөніндегі әңгімені алғаш естігенде қатты таңғалдым. Жолдасымнан сұрағанымда, ол бұл қарызды мойындамады. Керісінше, марқұм тараптың өздері қарыз болғанын айтты», – деп түсіндірді Индира Елемес.

 

Айта кетейік, бұған дейін Арман Дүйсеновтің жұбайы халыққа үндеу жасап, марқұм сазгердің атына ірі көлемде қаржы рәсімделгенін мәлімдеген еді.

Барлық жаңалық