Жаңалықтар

6-сынып оқушысы ойынға 2 млн теңге салып жіберген

Шымкентте алтыншы сынып оқушысы ойын аккаунты үшін қомақты ақшасынан айырылды. Бәрі Free Fire ойынындағы «прокачанный» аккаунтты сатып алудан басталды. Интернеттен «керемет аккаунт» тауып алған бала оны сатып алуға бел буды. Бейтаныс сатушыға сеніп, анасының банк картасын суретке түсіріп, оның артқы бетіндегі CVC-кодын да жіберді, деп хабарлайды Ozgeris.info. 

Ғаламат олжаға кенелгісі келген балаға ойын аккаунты келген жоқ. Ал анасының банк шотынан 2 миллион теңгеден астам ақша жоғалып кетті. Анасы жағдайды түсінген соң бірден полицияға хабарласты. Киберполицейлер Anti-Fraud операциясының аясында алаяқты ізін суытпай ұстап алды. Бала ойын аккаунтының орнына өмірлік сабақ алды. Сарапшылар балаларға банк картасының деректерін ешкімге беруге болмайтынын айтады. Әсіресе картадағы CVC-код – ол құпия болғаны абзал.  
Барлық жаңалық