Шығыс Қазақстан облыстық соты өңір әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Жақсылық Омардың үкіміне қатысты шағымдарды қарау мерзімін белгіледі. Сот отырысы 20 мамырға жоспарланған деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Еске сала кетейік, үстіміздегі жылдың сәуір айында Жақсылық Омар алаяқтық жасағаны және пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Апелляциялық шағымды судья жеке дара қарайды, ал іс жүргізу барысында сотталушы күзетпен ұстау изоляторында болады.
Жақсылық Омар өңірдің саяси аренасында танымал тұлға. Ол 2025 жылдан бастап ШҚО әкімінің бірінші орынбасары лауазымын атқарды, ал оған дейін бірнеше жыл бойы Өскемен қаласының әкімі болған еді.