Танымал әнші продюсер Мөлдір Мұқан үш баласына дүркіретіп той жасады, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Тойда өзінің және балаларының сөйлеген сөздері көпті жылатты.
"Қатты қорықтым. 5 баланы қалай асыраймын, қалай жеткіземін деп қатты қорықтым. Әйел адамбыз ғой, жанымыз нәзік. Бірақ Аллаға шүкір. Алла Тағалам балаларымның несібесін үйіп-төгіп беріп жатыр. Маған күш берді. Уайымдама, сенің қолыңнан келеді деген бір сезім болды", - деді өнер иесі.
Балалар бір-бірлеріне және аналарына рақметтерін айтып, жақсы көретіндерін білдірді.