Жаңалықтар

«5 айлық сәби мен анасын қағып кеткен»: Қызылордада күдіктіні тапқандарға сыйақы берілмек

«5 айлық сәби мен анасын қағып кеткен»: Қызылордада күдіктіні тапқандарға сыйақы берілмек

Қызылордадағы заң компаниясы адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы бойынша күдіктіні табуға көмектескен адамға қаржылай сыйақы тағайындады, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Сыйақы құқық қорғау органдары ақпараттың нәтижелілігін растағаннан кейін жарияланған толық шарттарға сәйкес төленеді.

"Компания полиция іздестіріп жатқан азаматтың орналасқан жерін анықтауға көмектескен адамға 500 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы жариялайды. Бұл бастама құқық қорғау органдарына іздестіру жұмыстары барысында қолдау көрсету мақсатында қолға алынып отыр", – делінген хабарламада.

Ол үшін ақпараттың шынайы әрі нақты болуы, іздестіріліп жатқан адамның орналасқан жерін анықтауға тікелей ықпал етуі тиіс. Қандай да бір ақпаратты білетін адам 102 нөміріне хабарласа алады.

Еске салайық, қайғылы жол апаты салдарынан 5 айлық нәресте көз жұмды. Қызылорда қалалық полиция басқармасының мәліметіне сүйенсек, оқиға 13 қазанда кешкі сағат 17-00 шамасында қаладағы Құлтекенов көшесінде болған.

Барлық жаңалық