Спорт

48 құрамалы мундиаль: Испания жаңа дәуірді бастады. Қазақстанға тарихи мүмкіндік туа ма?

48 құрамалы мундиаль: Испания жаңа дәуірді бастады. Қазақстанға тарихи мүмкіндік туа ма?

2026 жылғы әлем чемпионаты футбол тарихындағы ерекше турнир ретінде есте қалатынболды. Алғаш рет 48 құрама қатысып, жарыс АҚШ, Канада және Мексикада ұйымдастырылды. 104 матч өткізілді. Турнир ауқымы ғана емес, мазмұныда өзгерді. Саяси астары да аз болмады. «Тойдың болғанынан боладысы қызық» деген тәмсіл бар. Турнир алдындағы қиындықтар, Иран құрамасына қойылған қатаң талап, тәжірибелі төрешілердің елге кіре алмауы мундиалдың ұйымдастыру сапасына біраз сын айтылған еді. Испания әлем чемпионы атанса, Аргентина өз тәжінен айырылды. Ал Килиан Мбаппе жаңа рекорд орнатып, футболдағы буын алмасуының символынаайналды. Бірақ бұл мундиаль тек жеңімпаздыанықтаған жарыс емес. Ол әлем футболының қайбағытта дамып жатқанын көрсеткен үлкензертханаға айналды.

Финал: Испанияның футбол сабағы

Испания мен Аргентина арасындағы финал көпшілік күткендей драмалық тартысқа емес, тактикалық басымдыққа құрылды. Испания ойын бойы допқа иелік етіп, қарсылас қақпасына бірнеше есе көп соққы бағыттады. Аргентина болсашабуылда өте сирек көрінді. Лионель Месси бастаған әлем чемпиондары Испания қорғанысынбұза алмады. Тіптен қос тайм қорытындысы бойынша Симон қақпасына тіке тебе алмады. Бұл нәтиже кездейсоқ емес. Испания қазіргі футболдағы ең маңызды қағиданы тағы дәлелдеді: ойынды жұлдыздар емес, жүйе жеңеді.Жартылай қорғаныс – чемпиондықтың басты кілті Соңғы жылдары әлемдік футболда орталық алаңның маңызы бұрынғыдан да артты. Испания дәл осы аймақта қарсыластарынан басым түсті. Жартылай қорғаушылар тек шабуылды ұйымдастырған жоқ.Олар доп жоғалтқан сәтте бірнеше секунд ішінде қарсыласқа қысым жасап, Аргентинаның шабуылын бастап кетуіне мүмкіндік бермеді.Қазіргі футболда мұны «қарсы прессинг» деп атайды. Испания осы компонентті турнирдегі ең жоғары деңгейде орындаған команда болды.«Қызыл фурия» бапкері Де ла Фуэнте Кастильо Әлем кубогін ұтқан ең егде жастағы жаттықтырушы болды.

Аргентина неге ойыннан айырылды?

Финалдан кейін әлеуметтік желілерде Аргентина құрамасының дөрекі ойыны көп талқыланды. Шынында да, қысымға түскен команда жиі ереже бұзуға мәжбүр болды. Бұл – тактикалық құбылыс. Қарсыластың шабуылын тоқтатудың ең оңай жолы – ұсақ фол жасау.Аргентина дәл осындай сценарийге көшті. Алайда бұл олардың ойын ырғағын бұзып, эмоцияға беріліп кетуіне әкелді. Кабо-Верде, Мысыр, Англия құрамаларына қарсы матчтарда да төрешілердің бірқатар шешімдеріне сын айтқандардың қатары көп болды.

Төрешілер төңірегіндегі дау

Әлем чемпионаты кезінде төрешілердің жұмысына қатысты пікірталас тағы күшейді.Әсіресе әлеуметтік желілерде кейбір шешімдер біржақты қабылданды деген пікірлер айтылды.Дегенмен кәсіби тұрғыдан қарағанда, финал тағдырын төрешілер емес, Испанияның ойын сапасы шешті. Даулы эпизодтар футболдың ажырамас бөлігі болғанымен, бұл кездесуде бір команданы әдейі қолдады деген тұжырымды нақты дәлелдер растамайды.

Роналдудың орындалмаған арманы

Бұл әлем чемпионаты Криштиану Роналду үшінерекше маңызға ие болды. 41 жастағы шабуылшы мансабындағы бәлкім соңғы мундиалін өткізді.Көптеген жанкүйер оның әлем чемпионы атанғанын қалады. Алайда Португалия жарыс жолынан шығып қалды. Осылайша футбол тарихындағы ең ұлы ойыншылардың бірі әлем кубогын жеңе алмай мансабын аяқтауға жақындады. Бұл – футболдың кейде өте қатал спорт екенін көрсететін сәттердің бірі. Бұл жерде де ұлттық бапкер феномені сақталды. Әлем чемпионаттары тарихында қызық заңдылық бар.Әлем чемпионы атанған құрамаларды сол елдің азаматтығы бар бапкерлер жаттықтырған. Бұл жолы да үрдіс бұзылған жоқ.

Алайда Роберто Мартинестің Португалиямен жеңіске жете алмауын тек оның шетелдік маман болғанымен байланыстыру дұрыс болмайды.Дегенмен ұлттық құрамаларда мәдениетті, психологияны және ойыншылардың ерекшелігін терең білетін жергілікті мамандардың артықшылығы әлі де байқалады. Әлеуметтік желілерде Роналдуға пас асырмағаны үшін Витинья, Бруно Фернандеш, Невеш сынды ойыншыларды қатаң сынға алды.

Мбаппе жаңа дәуірдің символына айналды

Бұл мундиаль Килиан Мбаппенің турнирі болды.Ол 10 гол соғып, үздік сұрмерген атанды және әлем чемпионаттарындағы гол саны бойынша жаңа рекорд орнатты. Еншісінде – 22 гол. Ең маңыздысы – оның жасы. Мбаппе әлі бірнеше әлем чемпионатына қатыса алады. Егер жарақаттар кедергі болмаса, өз рекордың өзі ғана жаңартып отырады.

Кабо-Верде – турнирдің басты сенсациясы

Бұл әлем чемпионаты аутсайдерлердің де әлеуетінкөрсетті. Соның ішінде Кабо-Верде құрамасы ерекше әсер қалдырды. Әсіресе тәжірибелі қақпашы Возинья бірнеше кездесуде командасын құтқарып, турнирдің ең жарқын тұлғаларының біріне айналды. Әлеуметтік желілердегі оқырманы күрт өсіп, әлемдегі ең танымал қақпашылардың біріне айналды. Енді оған танымал клубтар мен скауттар шеберлігі үшін емес маркетингтік қадам ретінде көз тігіп, құда түсетін болады.

Анчелотти де, Тухель де күткен нәтижеге жете алмады

Карло Анчелотти басқарған Бразилиядан жергіліктіжанкүйерлер чемпиондық күтті. Алайда құрамда талант жеткілікті болғанымен, тұтас жүйе қалыптаса қойған жоқ. «Qosalqy quram» футбол парақшасының негізін қалаушысы, спорт сарапшысы Дулат Өтеғалидің айтуынша, Бразилияның сәтсіздігіне өз ойын мәнерін жоғалтып алуы себеп. Біз білетін пентакомпеондықтар «джинго» стилінде көпшілікті махаббатына бөленді. Бәлкім еуропалық бапкердің ойын мәнеріне үйлесе алмаған бразилиялықтар орта жолда сүрінді. Ұлттық құрамадағы қысқа дайындық кезеңі клубтық футболдағыдай ұзақ эксперимент жасауға мүмкіндік бермейді.

Осындай мәселе Англияда да байқалды. Томас Тухель тактикалық тәртіп орнатқанымен, команда шешуші сәттерде шабуылдағы өткірлігін көрсете алмады. Ал Джуд Беллингем керісінше ұлттық құрамада тағы да көшбасшылық қасиетін дәлелдеді.

48 құрамалы формат өзін ақтады ма?

FIFA әлем чемпионатын кеңейту арқылыфутболды жаңа нарықтарға шығаруды көздеді. Бұл мақсат орындалды. Кабо-Верде, Кюрасао, Өзбекстан сияқты құрамалар жаңа аудитория жинады. Бірақ екінші мәселе де анық байқалды.Кейбір сарапшылар болашақта футболшылардың денсаулығын қорғау үшін күнтізбені қайта қарау қажет екенін айтып отыр. Әлем кубогінің уақыты да Азия, Еуропа тұрғындары үшін аса сәтті бола қоймады.

2030 жылы 64 құрама қатыса ма?

Қазір футбол әлемінде 2030 жылғы әлемчемпионатына 64 құраманы қатыстыру туралыұсыныс талқыланып жатыр. Әзірге бұл ресми шешім емес.

Бірақ мұндай идеяның өзі футболдың қандай бағытта дамып жатқанын көрсетеді. Сарапшылармұндай кеңеюдің инклюзивтілікті арттырғанымен, жарыстың сапасы мен логистикасына қосымшасалмақ түсіретінін айтып келеді.

Қазақстан үшін тарихи мүмкіндік пе?

Егер әлем чемпионатына қатысушылар саны шынымен 64-ке дейін көбейсе, Қазақстанқұрамасының іріктеуден өту мүмкіндігібұрынғыдан жоғары болуы ықтимал. Бірақ мұныавтоматты жолдама ретінде қабылдау қателік. Әлемчемпионатына жол тек квотамен емес, футбол жүйесінің сапасымен ашылады. Соңғы жылдарыҚазақстанда балалар футболына көңіл бөлінебастады. Соның ішінде «Қайрат» академиясыелдегі ең нәтижелі футбол мектептерінің бірінеайналды. Осы академиядан шыққан ойыншыларұлттық құраманың жас буынын қалыптастырыпкеледі. Егер мұндай жүйе өңірлерде де қалыптасып, талантты футболшылар ерте жастан Еуропаның мықты чемпионаттарына барса, Қазақстанның әлем чемпионатына шығуы қиял емес, нақты стратегиялық мақсатқа айналуы мүмкін. Дастан Сәтпаев, Кәрім Меңдіханов сынды футболшыларға әлемнің үздік клубтарының таласуының өзі еліміздегі жастардың болашағы жарқын екенін көрсетеді.

2026 жылғы әлем чемпионаты бірнеше маңыздышындықты көрсетті

 Жеке жұлдыздар дәуірі біртіндеп ұжымдық футбол дәуіріне жол беріп келеді. Испания дәл осы модельдің арқасында әлем чемпионы атанды. Мбаппе жаңа буынның көшбасшысы екенін тағыдәлелдеді. Ал Роналду мен Месси дәуірі тарихикезең ретінде аяқталуға жақын. Криштиану жанкүйерлері эмоция арқылы әлемдік доданы ұтуға болмайтынын түсінді. Десе де, жалғыз жетіспейтін кубок Криштианудың әдемі футбол жолына кедергі бола алмайды. Мессидің де дәуірі аяқталуға жақын. Ламин Ямаль, Арда Гүлер, Кубарси сынды жігіттер футбол әлемінде үлкен революция жасары хақ. Италия сынды алпауыттардың Әлем кубогіне жолдама ала алмауы – футболдағы өзгерістің айғағы. FIFA турнирді кеңейтуді жалғастырса, әлем футболының картасы түбегейлі өзгеруі мүмкін. Бұлөзгеріс Қазақстан үшін де жаңа мүмкіндік ашады. Бірақ ол мүмкіндік өздігінен келмейді. Оғанжеткізетін жолбалалар футболын дамыту, академиялардың жұмысын күшейту, сапалыбапкерлер даярлау және ұлттық футбол стратегиясын ұзақ мерзімге құру. Өйткені әлемчемпионатына жолдама бір ғана іріктеу цикліндеұтып алынбайды. Ол жылдар бойы қалыптасқанфутбол мәдениетінің жемісі.

Барлық жаңалық