🌐 Әлем

46 ел Ресейге ренжіп отыр

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Нью-Йорктегі шұғыл отырысында 46 мемлекет Ресейді халықаралық құқықты бұзғаны үшін айыптады, деп жазады Ozgeris.info. 

Польша ұсынған мәлімдемені Еуроодақ, АҚШ және тағы ондаған ел қолдады. DW жазған дерекке қарағанда, құжатта Ресейдің халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысын бұзғаны айтылып, Украинаны нысанаға алған агрессиясын тоқтатып, жаңа арандатулардан бас тарту талап етілген.

Мәлімдемені Польшаның сыртқы істер вице-министрі Марчин Босацкий оқып берді. Ол ресейлік дрондардың Польшаның әуе кеңістігін бұзғанын атап өтті.

Айта кетейік, 10 қыркүйекке қараған түні Ресейге тиесілі кемінде 19 дрон Польша шекарасын кесіп өткен.

Барлық жаңалық