Қоғам

432 500 теңге айыппұл төлейді: Данияр Елеусіновтің әйеліне қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды

432 500 теңге айыппұл төлейді: Данияр Елеусіновтің әйеліне қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды

Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы боксшы Данияр Елеусіновтің әйеліне қатысты апелляциялық шағымды қарап, бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Ozgeris.info

Сот мәліметінше, оқиға 2026 жылғы 27 қаңтарда Қарағандыдағы Майқұдық ауданында болған. Сотталған әйел атасының қорланғанын анықтау үшін екі әйел тұратын пәтерге барған. Сол жерде жанжал туындап, ол екі жәбірленушіге күш қолданып, дене ауырсынуын келтірген.

Бірінші сатыдағы сот оны Қылмыстық кодекстің 109-1-бабының 2-бөлігінің 1) тармағы бойынша кінәлі деп танып, 100 АЕК, яғни 432 500 теңге айыппұл тағайындаған.

Сонымен қатар сот әр жәбірленушіге 500 мың теңгеден моральдық өтемақы төлеуді және өкіл қызметіне жұмсалған 1 млн теңге шығынды өтеуді міндеттеген.

Сотталған тараптың қорғаушысы үкімге апелляциялық шағым түсірген. Алайда сот алқасы оны қанағаттандыруға негіз таппады.

Сөйтіп, бірінші сатыдағы соттың үкімі өзгеріссіз қалдырылып, заңды күшіне енді.

Барлық жаңалық