Сәкен Майғазиев Кенжебек Жанәбіловке жасалған ота сәтті аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Оның айтуынша, кардиологиялық орталықта жүргізілген хирургиялық ем-шара шамамен төрт сағатқа созылған.
«Кенжебекке кеше кардиологиялық орталықта ота жасалып, 4 сағатқа созылған ем-шара сәтті өтті. Алла тағала шипа берсін. Барша медицина қызметкерлеріне мың рақмет. Қолдарыңыз дерт көрмесін. Сіздер де ауырмаңыздар», – деп жазды Сәкен Майғазиев.
Өнер иесі әріптесіне қолдау білдіріп, тезірек сауығып кетуін тіледі.
Еске салайық, бұған дейін Кенжебек Жанәбіловтің жансақтау бөліміне түскені хабарланған еді.