💰 Экономика

3,5 мыңнан астам қызметкер айлықсыз қалған

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша елімізде 239 кәсіпорын 3,5 мыңнан астам қызметкерге 1,3 млрд теңге жалақы қарыз, деп жазады Ozgeris.info. 

Тексеру барысында 4 мыңнан астам адамның еңбек құқығы бұзылғаны анықталды. Осыған байланысты кәсіпорын басшыларына 2 287 ұйғарым беріліп, 277 млн теңгеден аса айыппұл салынған.

Мемлекеттік еңбек инспекторларының араласуымен 3,4 мыңнан астам қызметкерге 1,1 млрд теңге төленді. Жалпы, жыл басынан бері 25 мың жұмысшының еңбек құқығы қорғалды.

 

Барлық жаңалық