Жаңалықтар

32 жыл бұрын төрт еркектен зорлық көрген Наташа Тоқаевқа үндеу жасады (ВИДЕО)

32 жыл бұрын төрт еркектен зорлық көрген Наташа Тоқаевқа үндеу жасады (ВИДЕО)

32 жыл бұрын бірнеше ер адамның жәбірлеуіне ұшырағанын мәлімдеген Наташа Қалымбетова Қазақстан президентіне үндеу жасап, істі жеке бақылауына алуды өтінді,  деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Оның айтуынша, осыдан төрт ай бұрын басынан өткен оқиға туралы көпшілікке ашық айтып берген. Осыдан кейін құқық қорғау органдары оны Қазақстанға шақырып, арызын қабылдаған. Алайда іс тіркелгенімен, тергеуде айтарлықтай ілгерілеу болмағанын айтады.

«Куәгерлер мен нақты дәлелдердің жоқтығын алға тартып, іс бір орнынан қозғалмай тұр. Мендегі жалғыз дәлел – сол оқиғадан кейін 1995 жылы дүниеге келген қызым. Болжам бойынша, ол қазір Америка Құрама Штаттарында тұрып жатыр», – дейді Наташа Қалымбетова.

Әйел мемлекет басшысынан істің әділ әрі жан-жақты қаралуына ықпал етіп, оны жеке бақылауына алуды сұрады.

Оның сөзінше, бұл үндеудің мақсаты – өз ісінің ақ-қарасын анықтау ғана емес, сонымен қатар елімізде әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуға назар аударту.

«Мен мұндай қасіретті 32 жыл бұрын бастан өткердім. Содан бері қызымның қайда екенін білмей өмір сүріп келемін. Бұл істің соңына дейін жеткенін қалаймын», – деді Наташа Қалымбетова.

Барлық жаңалық