Жаңалықтар

"28 миллион теңге жымқырған": ҰБТ-ға дайындаймын деп алдаған күдікті Алабаниядан елге жеткізілді

"28 миллион теңге жымқырған": ҰБТ-ға дайындаймын деп алдаған күдікті Алабаниядан елге жеткізілді

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің Интерпол Ұлттық орталық бюросының қызметкерлері, Қазақстанның Албаниядағы Елшілігінің қолдауымен бірнеше рет алаяқтық жасаған Қазақстан азаматын қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында аталған елден экстрадициялады, деп хабарлайды ozgeris.info сайты. 

2022-2023 жылдар аралығында күдікті интернет-ресурстарды пайдалана отырып, жоғарғы сынып оқушыларын Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындау және жоғарғы оқу орындарына кепілді түрде түсу бойынша қызметтер көрсету туралы көрінеу жалған мәліметтер таратқан.

— Заңсыз әрекетінің салдарынан 32 азамат жалпы сомасы 28 миллион теңгеден астам ақшалай қаражатынан айырылды.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған.

2025 жылдың мамыр айында ол Албания Республикасында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша елге экстрадицияланды, — делінген Бас прокуратура хабарламасында.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. 




 

Барлық жаңалық