Танымал әнші Тамара Асар күні кеше Қазақстан Халық партиясы атынан құрылтай депутаттығына үміткер болып тіркелді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Өнер иесі бұл қадамға не үшін барғанын айтты.
"Менің қозғайтын мәселелерім өзіме белгілі. Ол менің 21 жасымнан бері өзімнің жеке мәселелерім. Ол мәселелер барлық елдің құлағында, жүрегінде бар. Атап айтқанда дене мүшесін жоғалтқан жандардың протездеу, ортопедиялық мәселелері. Оның барлығы сау адамның санасына кіре бермейді. Сондықтан сол мәселені толық қамти аламын деп ойлаймын", - деді әнші.