Францияда үш жас әйелге теракт жасауды көздеген қастандыққа қатысы бар деген айып тағылып, олар тергеу изоляторына қамалды. Бұл туралы Оzgeris.info сайты Tengrinews.kz сайтына сілтемемен сілтеме жасап хабарлайды.
BFMTV телеарнасының хабарлауынша, Францияның Ұлттық антитеррорлық прокуратурасы (PNAT) 10 қазанда «адамдарға қарсы қылмыстар дайындау мақсатында террористік топ құру» фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастаған. Алайда күдіктілердің нақты қандай қылмыс жоспарлағаны әзірге айтылмады.AFP агенттігіне жақын дереккөздің мәліметінше, қастандық жоспары күзде анықталған. Зерттеу барысында ұсталғандардың жасы шамамен 20-да екені белгілі болды.
Le Parisien басылымының жазуынша, күдікті қыздар интернет арқылы шабуыл жасау туралы жоспарларды талқылап, атыс қаруы мен белдік-бомбалар жайында сөз қозғаған. Олар ықтимал нысана ретінде Париждегі концерт залы мен барды атаған.
Тергеу деректеріне қарағанда, бұл іс 2015 жылы Париждегі терактілерге қатысы бар жалғыз тірі қалған террорист Салах Абдесламмен байланысты болуы мүмкін. Абдеслам бүгінде өмір бойына сотталып, Ванден-ле-Вьей коммунасындағы түрмеде жазасын өтеп жатыр.
Соңғы апталарда оны екі рет тергеген. Себебі оның камерасынан табылмағанымен, компьютерінде USB-флешканың қосылған іздері анықталған. Тергеушілердің болжамынша, флешкада джихадтық насихат материалдары болған.Француз БАҚ-ының хабарлауынша, ұсталғандардың бірі Абдесламның әйелі, 27 жастағы Маэва Б., Тарн-и-Гаронна департаментінің тұрғыны. Ол күйеуіне сол флешканы түрмеде кездесу кезінде берген деген күдікке ілінген.
PNAT басшысы Оливье Кристьен соңғы үш жылда Францияда джихадизм қаупі айтарлықтай артқанын атап өтті.