«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, 2 қаңтар, жұма күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қарлы ауа райы сақталады. Синоптиктердің хабарлауынша, ел аумағынан атмосфералық фронттар өтеді. Соның салдарынан көптеген өңірлерде қар жауып, боран соғады деп хабарлайды Оzgeris.info.
Солтүстік-батыс өңірлерде күндіз кей жерлерде қалың қар күтіледі. Ал оңтүстік-батыс пен оңтүстік-шығыста жауын-шашын аралас түрде, яғни жаңбыр мен қар түрінде жауады деп болжануда.
Тек орталық және оңтүстік аймақтарда жауын-шашынсыз ауа райы қалыптасады.
Сондай-ақ республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болып, желдің күшеюі ықтимал. Мамандар тұрғындарды жолда сақ болуға және ауа райы жағдайын ескеруге шақырады.