Актер Дәурен Айдарқұлов оқырман сауалына жауап беріп, тағы да үйленуге ниетті екенін жеткізді, - деп хабарлайды
ozgeris.info сайты.
Әйеліңіз өзіңізден 18 жасқа кіші болса, қалай қабылдар едіңіз деген оқырман сауалына актер оң көзқараспен жауап берген.
"Ол бұрынғыдан да жасырақ көрінуге мүмкіндік береді", - дейді актер.
Желі қолданушылары Айдарқұловтың бұл жауабына түрлі пікір білдірді.
"Екі әйелің де тамаша адамдар еді. Өзіңде барды бағала", "Бұған жап-жас қыз тиеді деп ойлап отыр ма", "Екі рет ажырасып, бірінші әйелінің көзіне шөп салған", "Мынау тағы да әйел алмақшы ма", "Сізге бұл тақырыпты қозғамаған жөн", - деп жазды олар.