АҚШ Мемлекеттік департаменті визалық талаптарға өзгеріс енгізіп, кейбір ел азаматтары үшін 15 мың доллар көлемінде кепіл жарнасын енгізді. Бұл талап B1 және B2 санатындағы іскерлік және туристік визаларға қатысты деп жазды ozgeris.info сайты.
Жаңа ережеге сәйкес, өтініш берушілер визаны алу үшін алдын ала кепіл сомасын төлеуі тиіс. Егер олар визалық талаптарды сақтап, уақытында еліне қайтса, бұл қаражат толық қайтарылады.
2 сәуірден бастап бұл талап тағы 12 елге таратылады. Олардың қатарында Камбоджа, Эфиопия, Грузия, Моңғолия және басқа мемлекеттер бар.
Жалпы, бағдарламаға енгізілген елдердің саны 50-ден асты. Бұған дейін тізімде Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан секілді елдер болған.
Алайда Қазақстан бұл тізімге кірмеген. Яғни қазақстандықтарға қатысты бұл талап әзірге қолданылмайды.