Қоғам

«100 граммен дух жинап алайық»: Қайраттың концертіне ішіп шыққан әнші шындығын айтты

«100 граммен дух жинап алайық»: Қайраттың концертіне ішіп шыққан әнші шындығын айтты

Әлеуметтік желіде Argonya лақап атымен танымал әнші Арғын Аусаров сахнаға ішіп шыққанын мойындап, өзіне айтылған сын-пікірлерге жауап берді, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Ол Қайрат Нұртастың  Астанада өткен 20 жылдық шығармашылық концертінде  сахнаға мас болып шыққан. 

«Сол концертке қатты ауырып бардым. Қызуым көтеріліп, жаман ауырдым. Сөздің ашығы, өтірік айтпай-ақ қояйын, барлық әртіс біледі, менің “Давай, 50-100 грамм басып жіберейікші, дух жинап алайық” дегенім болды. Ол жерде қатты мас болып, тентіректеп жүрген жоқпыз. Жанды дауыста айтып тұрмыз. Сол сәтте басым дыңылдап, құлағым бітеліп қалды. Билеуге де тырысқанмен, денсаулығым болмады. Іштей шаршап тұрмын. Менің ойымша, жақсы өнер көрсеттік. Жаман пікір айтатындар әрдайым табылады», – деді әнші.

Ал Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова да бұл жағдайға түсіністікпен қараған. 

«Аргоня да мықты ғой, просто тойға шығып тұрмын деп шатасып қалғандай болды. Ештеңе етпейді, ондай-ондай ханның қызында да болады. Дайындыққа да уақыт болмады, сол күні ұшып келді. Күніге айтып жүрген әніміз деп кейде адамның өзіне сенімділігі болмаса, болмайтын жерден болмай қалатыны бар енді. Қырылдаса да жарасып тұр, ештеңе етпейді», – деді Гүлзира Айдарбекова.

Дегенмен, желі қолданушылары әншінің бұл әрекетін қатаң сынға алды.

Барлық жаңалық