Freedom Bank: 1000 теңге таратып, 2000 теңге ай сайын алып отырады ма?

Атыраулық Қадырбай есімді блогер өз Instagram парақшасында Freedom Bank туралы өз пікірін айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Freedom Bank-те қазір қызық кэшбек пайда болды. Достарын шақырған қазақстандықтар әр адам үшін 1000тг алады. Блогер оны шақырмауын сұрап, Freedom Bank қолданушылары айына 2000тг төлейтінін айтты.

Қызық үшін «Неге халыққа 1000 теңгеден таратып жатыр?» деп зерттеп едім, ChatGPT жаза салам, ол маған жауап берді, сөйтсем 1000 теңге береді екен, сосын 2000-5000 теңге айына алып тұрады екен. Бұл не деген батпан құйрық?

Банк жайдан-жай бермейді, олар ақымақ емес, ертең 2-еселеп шығарып алады,- дейді Қадырбай.

Фото: instagram/qadrbay

Freedom Bank блогерге барлығын түсіндіріп, клиенттерге шынайы ақпарат беруге тырысатынын айтты.

Біздің банкте карталарды ашу толығымен тегін, ал олардың қызмет көрсетуі үшін комиссия алынбайды.

Премиум карталарға келсек, оларды ашу кезінде жылдық қызмет көрсету құны 60000 теңгені құрайды. Бұл сома туралы клиентка карта рәсімдеу кезеңінде толық ақпарат беріледі, осылайша барлығы ашық түрде түсіндірілген,- деп жауап берді Банк.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Саяхатшы | Атырау Блогер | Кадырбай (@qadrbay)