Алдын ала тергеудің басталғаны туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті хабарлады. Онда қылмысты ашуға көмек көрсетілетіні айтылды.
Ұстау туралы ақпарат кеше пайда болды. Экс-колония-қоныс басшысы пара алды деген күдікке ілінді.
«Бұл тұлға ұсталған кезде ішкі істер органдарының қызметкері болмаған. Оған қатысты құзырлы органдар алдын ала тергеу жүргізіп жатыр. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті кез келген құқықбұзушылыққа мүлдем төзбеушілік саясатын ұстанады және тергеу жүргізіп жатқан органдарға жан-жақты көмек көрсетеді», – деп хабарлады ҚР ІІМ ҚАЖК CMN.KZ сұранысына жауап ретінде.
ПІКІР ЖАЗУ