Буллингпен күрес: Алматыда психологтардың саны жеткіліксіз екені айтылды

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың айтуынша, қалада психологтардың тапшылығы 200 маманды құрайды, деп хабарлайды ozgeris.info.

«Алматыда психологтардың тапшылығы бар, ол мектеп буллингімен күресу және инклюзияны енгізу үшін 200 маманды құрайды», — деді Досаев жұма күні Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесу барысында.

Оның айтуынша, бұл мәселені шешу үшін психологтарды, дефектологтар мен логопедтерді даярлау бағдарламасы басталды, озық тәжірибелерді зерделеу бойынша түрлі институттармен ынтымақтастық талқылануда. Бағдарламаның мақсаты — жаңа сын-қатерлерді ескере отырып, базалық білімі бар психологтардың деңгейін қажеттіге дейін арттыру.

«Біз еңбекақы төлеудің жеке жүйесін енгізуді жоспарлап отырмыз, сондай-ақ жастарды балалармен жұмыс істеуге тартқымыз келеді. Бағдарламада проблемаларды тереңірек түсінуге және ол бойынша жұмысты болашақта жолға қоюға көмектесетін инклюзияға ерекше назар аударылады. Биыл дайындық жұмыстарын аяқтаймыз, ал келесі жылы № 61 мектеп пилоттық болады, онда біз балалар арасындағы қарым-қатынасты өзгерту және буллингпен күрес бойынша жұмысты көрсете аламыз», — деді Досаев № 61 мектепте білікті психологтардың жетіспеушілігі туралы аудан тұрғындарының сұрақтарына жауап бере отырып.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины просто испаряются! Намажьте лицо перед сном этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...