Астанада 7 жасар қызды зорлады деген күдікпен туған атасы ұсталды. Қазіргі таңда тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.
«Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, Астана қаласы ПД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде», — делінген Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Күні кеше Арқалықта 35 жастағы ер адам кісі зорлады және сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасады деген күдікпен ұсталғанын жазған болатынбыз. Өңірлік полицияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Арқалықта кісі зорлады деген күдікпен ұсталған ер адам блогер екені белгілі болған.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру