«Аш қалдық, ақша жоқ деді»: қазақстандықтар қажылар сан соғып қалды

Қазақстандық қажылар тағы да қиындыққа тап болды. Желіде журналист Диас Нұрақын кіші қажылыққа барып, елге қайта алмай отырған отандастарымыз туралы мәлімет жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ҚАЖЫЛЫҚТАН ҚАЙТА АЛМАЙ ОТЫР

Жазбада көрсетілгендей, қажылар UMRAH KZ компаниясынан жолдама алған. Алайда, ұйымдастыру жұмыстарының дұрыс жүргізілмеуі салдарынан қасиетті сапар аяқталған соң да үйлеріне орала алмай отыр.

КЕШІККЕН САПАР: ҚИЫНДЫҚТАРДЫҢ БАСТАЛУЫ

Журналисттің жазбасына сүйенсек, қажылар ақпанның 15-і күні жолға шығуы керек болған. Алайда белгісіз себептермен сапар наурыздың 18-іне шегерілген. Сол уақыттан бастап қиындықтар бірінен соң бірі пайда болған. Жазба авторы келіншектің сөзін келтіреді:

«Әу баста 15-ші ақпанда жолға шығуымыз керек еді. Бірақ белгісіз себептермен кешеуілдеп, наурыздың 18-і күні қасиетті сапарға әупірімдеп аттандық.»- деп жәбірленушілердің бірі.

ЖАТ ЖЕРДЕ АШТЫҚПЕН КҮРЕСУ

Қажылыққа баратындар алдын ала үш мезгіл тамаққа төлем жасаған. Алайда, келген кезде тамақ беру ұйымдастырылмаған болып шықты. Қажылардың айтуынша, Қағбаға барып келген сайын қонақ үй қызметкерлері бөлмелерін жауып тастайды екен. Себебі компания тарапынан төлем жасалмаған.

«Үш мезгіл тамағына дейін ақшасын алдын ала төлеп қойғандар жат жерде аш қалдық дейді. Қағбаға барып келген сайын қонақ үй ақшасы төленген жоқ деп бөлмелерін жауып тастайды екен.»- дейді журналист.

КОМПАНИЯНЫҢ ЖАУАБЫ: ҚАРАЖАТ ЖОҚ

Елге қайтатын сәтте қажылар тағы да тығырыққа тірелді. Ұшаққа билеттер алынбағандықтан, компания қажыларға өз беттерімен қаражат табуды ұсынған. Желіде бұл жағдайға қатысты журналист былай деп жазады:

«Қажылықты ұйымдастырған компания, “билет алатын ақшамыз жоқ, өздерің бір амалын қарастырыңдар” — деп қысқа қайырған. Тіпті каспий рассрочкамен билет алып ұшып келсеңдер қайтеді деп ақыл үйреткен көрінеді.»- деп жазды Диас Нұрақын.

UMRAH KZ КОМПАНИЯСЫ: АЛДАНҒАНДАР МЕН АЛДАНАТЫНДАР

UMRAH KZ компаниясының ресми парақшасы 40 мыңға жуық жазылушысы бар екенін көрсетеді. Олар бұрын қажылыққа 60 адамды аттандырғанын мақтанышпен жариялаған. Сондай-ақ, 20 жылдық тәжірибесімен мақтанып, сенімділік танытқан. Алайда, бұл жағдай бірінші рет орын алып отырған жоқ. Бұған дейін де қажылыққа барып, елге қайта алмай қалған топтар болған.

«Бұрын да бір топ отандасымыз осы компаниямен қажылыққа барып, қайтарда билетсіз қалған.»- дейді журнлист.

ЖАУАПТЫ ОРГАНДАР НАЗАР АУДАРА МА?

Журналист жазбасы қоғамда үлкен резонанс тудырып, бақылау органдарының назарын аударуға шақырады.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…