Белгілі режиссер Талғат Теменов ауруханаға түсіп қалды

Талғат Теменов
Фото: ашық дереккөзден

Белгілі театр және кинорежиссері, кинодраматург Талғат Теменов ауруханаға түсіп қалды, — деп хабарлайды Ozgeris.Info.

Бұл туралы Серік Абас-шах әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«21 аптадан соң 70 жасқа толғалы отырған Талғат Теменов досым(ыз) сырқаттанып қалыпты (аяғына ота жасатып ауруханада жатыр екен). 4 қабатта орналасқан пәленшесінші палатаға кіріп шықтым. Адамзат тарихы туралы бір ғылыми кітапты қызыға оқып жатыр екен. «Мынаны тауып алып оқышы, Секе» деді. Мен бұл кітаптың менде бар екенін айттым. Екеуміз 59 минуттай әңгімелестік (түрлі тақырыпта).
Шәй іштік (шәйді 21 желтоқсанда туған ақкөңіл медбике дайындап әкеп берді)», деп жазды Серік Абас-шах.