Оралдағы кофехананың ашылуында халық бір-бірін таптап кете жаздады

Оралда кофехананың ашылу салтанатында жүздеген адам жиналған. Кеш жақсы басталғанымен соңында жиналған халық бірін-бірі таптап кете жаздады, деп хабарлайды ozgeris.info

Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті оқиғаның мән-жайын айтып берді. Оқиға 28 маусым күні сағат 18:00-де болған.

«Қадыр Мырза-Әлі шағынауданында танымал блогерлердің қатысуымен кофехана ашылды. Шараға Орал қаласының 200-ге жуық тұрғыны келді. Полиция қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Іс-шара барысында қылмыс болған жоқ. Сондай-ақ зардап шеккендер жоқ», – деді полиция.