«Не істесе де, айналасына адам жиналады»: Төреғали Төреәлі тағы да елдің назарын өзіне аударды

Видеодан скриншот

Төреғали Төреәлі тағы да жұртты шулатты. Әнші әлеуметтік желіде қызық видео жариялады, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Кадрларда өнер иесі грим жасап, сақалы мен шашын бояғаны көрінеді. Кейін әнші жастар жиналатын жерге барып ән орындайды.

Желі қолданушылары әншінің өнеріне тәнті болып, оның даусынан бірден тануға болатынын жазып жатыр.

«Түрін қанша өзгертсе де даусынан бірден танып қойды-ау, халық жақсы таниды ғой Төрешті, алтын бала, аман жүрші тіл көзден, жүрек қой өзі жүрек», «Төреш не істесе де айналасына адам жинала қалады», «Төреғалидің әндерінің мағынасы өте жоғары», — деп жазды желі қолданушылары.