102 жастағы қария ұзақ өмір сүрудің сырымен бөлісті

Американдық Арманд Мартин 102 жасында әлі де көлік жүргізіп келеді. Ол өзінің ұзақ өмір сүруі мен жақсы денсаулығының құпиясын айтты, деп хабарлайды Korrespondent.net.

Ер адам тамақ пен дәрі-дәрмек алуға сыртқа шығады, оның жанында ұлы еріп жүреді. Бес жыл бұрын қария көлік апатына түскен соң, оныңмен бірге ұлы еріп жүре бастаған. Содан кейін ол көліктен бас тартқан. Алайда 101 жасқа келгенде шыдай алмай, жаңа көлік сатып алған.

Мартин 1919 жылы дүниеге келген. Ол кітап оқудың арқасында көп жыл өмір сүрдім деп санайды. Ер адам күнде кітап оқитын көрінеді. Бәрінен бұрын ол вестерн мен фантастика жанрын жақсы көреді. Сондай-ақ, ол өмір жасының ұзақ болуы тұрақты жұмыс, дұрыс тамақтану және белсенді өмір салтын ұстанғандығына байланысты деп ойлайды.

«Қарама-қарсы үйде тұратын көршім мен 310 жасқа дейін өмір сүретінімді айтты. Расында өзімді тамаша сезінемін», –  дейді Мартин.