Қытай — АҚШ: келіспеушіліктер күрделі бола түсуде

ҚХР мен АҚШ сыртқы істер ведомстволары басшыларының кездесуінен кейін Бейжің мен Вашингтон арасындағы қарым-қатынаста жылылық байқалмады.

Келіссөздерден кейін өткен баспасөз мәслихатында Мемлекеттік хатшысы Антони Блинкен Қытай басшыларына Ресейдің қорғаныс-өнеркәсіптік базасын құру үшін пайдаланылатын жабдықтар мен материалдарды жеткізуді ұсынып отырғанына қатты алаңдаушылық білдірді.

Бұған дейін НАТО Бас хатшысы Бейжің Мәскеуге өзінің әскери-өнеркәсіп кешенін дамытуға, атап айтқанда, қос мақсаттағы өнімдерді жеткізу арқылы көмектесіп жатқанын айтқан. Қытай Сыртқы істер министрлігі Қытайдың әскери салада қолданылатын технологиялар мен жабдықтарды Ресейге бергенін жоққа шығарады.