Forbes Kazakhstan 2024 жылғы ең бай 75 кәсіпкердің тізімін жариялады

Forbes Kazakhstan журналы Қазақстанның 2024 жылғы ең бай 75 кәсіпкерінің тізімін жариялады. 

Қазақстандық Forbes тізімі кеңейді. Биыл Forbes Kazakhstan рейтингі жарты есеге өсті – қазір топ-50 кәсіпкердің орнына 75 ірі кәсіпкер анықталды. Рейтингке жаңа 19 есім енді, олардың көпшілігі қоғамда бұрыннан танымал. Сонымен қатар өз саласының аясында ғана танымал болған бірнеше кәсіпкер де бар.

Рейтинг қатысушыларының жалпы байлығы өткен жылмен салыстырғанда 8,2 миллиард долларға өсіп, 46,63 миллиард доллар болды.

Тізімге жаңадан қосылғандардың екеуі – өткен жылы өз компаниясын Қазақстанға көшіріп, Қазақстан азаматтығын алған InDrive негізін қалаушы Арсен Томский мен Швейцарияда тіркелген сауда және логистикалық Harvest Group компаниясының негізін қалаушы Алмаз Әлсенов. Олар Forbes Kazakhstan басылымына бизнесі мен болашаққа жоспарлары туралы егжей-тегжейлі айтып берген болатын. 

Жаңартылған рейтингтің үздік кәсіпкерлері:

Вячеслав Ким 5 800 000 000 доллар
Тимур Құлыбаев 5 000 000 000 доллар
Динара Құлыбаева 5 000 000 000 доллар
Владимир Ким 3 600 000 000 доллар
Тимур Турлов 3 300 000 000 доллар
Болат Өтемұратов 2 700 000 000 доллар
Ибрагимовтар отбасы 1 500 000 000 доллар
Нұрлан Смағұлов 980 000 000 доллар
Сәрсеновтер отбасы 970 000 доллар

Жаңартылған рейтингтегі жаңа есімдердің тізімі:

№10 Арсен Томский

№23 Сухраб Махмудов

№32 Александр Чукреев

№35 Марат Жұман

№37 Әлімжановтар отбасы

№44 Айжан Есім

№49 Жакулиндар отбасы

№53 Алмаз Альсенов

№56 Владимир Денисов

№57 Дулат Қожамжаров

№59 Владимир Сидельковский

№60 Ерем Арутюнян

№63 Иван Сауэр

№64 Виктор Буллер

№68 Сағат Түгелбаев

№69 Владислав Ли

№70 Ельдар Абдразаков

№71 Раушан Сағдиева

№71 Шыңғыс Бердіғожин

Рейтингтің аналитикалық тобы елдегі 120 ірі бизнесменнің ұзын тізімін жасады. Үздік 75 адам қысқа тізімге енді. Рейтинг қатысушылары активтерінің жалпы құны бойынша бағаланды.

Рейтингтің бастапқы деректері ашық көздерден және қатысушылар ұсынған қаржылық ақпараттан қалыптасты.

Фото: ғаламтордан