Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында атыс оқиғасы орын алды

 

Қырғызстанның шекара наряды мемлекеттік шекара сызығынан 250-300 м қашықтықта Қырғызстан аумағында мал бағып жатқан тәжікстандық шопандарды байқады, деп хабарлады ҚР Шекара қызметі.

Қырғызстан аумағынан кету талабына жауап ретінде шопандар тастарды лақтырды, олардың біреуі нарядқа қарай 2-3 рет оқ атты. Шекарашылар ескерту оқ атудан кейін шопандар Тәжікстан аумағына қашып кетті.

Шекарашылар арасында зардап шеккендер жоқ. Расталмаған мәліметтер бойынша, Тәжікстан азаматтарының бірі аяғынан жарақат алған.

Екі тараптың шекара қызметі өкілдерінің кездесуі күтілуде.