15 мамырда бүкіл Қазақстан бойынша теледидар мен радио өшіріледі

Себебі — осы жылдың екінші тоқсанындағы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар.

«Қазтелерадио» АҚ үздіксіз және сапалы телерадио хабарларын таратуды қамтамасыз ету мақсатында спутниктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистерді жабу арқылы тоқсан сайын жоспарлы-алдын алу жұмыстарын жүргізеді. Осыған байланысты ағымдағы жылдың 15 мамырында телерадио хабарларын таратуды өшіре отырып, алдын алу жұмыстарын жүргізу туралы хабарлаймыз… 3: 00-ден 17: 00-ге дейін. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз «, — делінген хабарламада.