Түркиядағы демалыс бағасы екі есеге қымбаттайды

Биыл Түркия еліндегі демалыс бағасы екі есеге қымбаттауы мүмкін, деп хабарлайды ozgeris.info порталы.

«Түркияда қызмет көрсету саласында баға қымбаттады. Инфляцияның өсуіне байланысты қызметкерлердің жалақысына төлейтін қаражат та өскен. Сол себепті Түркиядағы туризм саласы да бағаны өзгертуге мәжбүр. Дегенмен, елге келетін саяхатшылар үшін біз ақша үнемдеуге мүмкіндік береміз. Мысалы, билетті ерте брондау қызметін пайдалана отырып, жеңілдетілген бағамен сатып алуға болады. Жалпы биылғы маусымда демалыс уақытындағы бағалар бұрынғымен салыстырғанда 30-40 пайызға жоғары», — дейді туристер қауымдастығының президенті Фарух Элмалы.