Президенттің тапсырмасы: қайтарылған қаражаттың 2,2 млрд теңгесі су тасқыны салдарын жоюға бағытталған

Бас прокуратура заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару бойынша жұмысты жалғастыруда. Премьер-министрдің басшылығымен өткен арнайы комиссияның соңғы отырысының нәтижелері бойынша мемлекет кірісіне 24 млрд теңгеге активтер тартылды. Активтерді қайтару жөніндегі комитет Арнайы мемлекеттік қорды 2,2 млрд теңгеге толықтырды.
Ел Президентінің тапсырмасына сәйкес аталған ақшалай қаражат елдегі су тасқынының салдарын жоюға бағытталған. Бұдан басқа, келешекте түсуге күтілетін қаражат зардап шеккен өңірлердегі әлеуметтік жобаларға да бағытталатын болады, бұл бейіндік Заңның мақсаттарына сәйкес келеді.