Астанада мектеп оқушыларына қызметтік иттердің жұмысы көрсетілді

Балаларды есірткі бизнесіне қатысты заңсыз әрекеттерге тартудан қорғау полиция қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Есірткі тұтыну мәселесін Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда әлеуметтік зұлымдықтардың бірі ретінде жариялауы бекер емес.

Ішкі істер министрлігі қызметкерлері екі астаналық мектептің оқушыларымен: №69 гимназияда және №70 лицейде кездесулер өткізді. Бұл кездесулер алғаш рет Ішкі істер министрлігінің кинолог қызметінің қатысуымен өтті.

Кинологтар есірткі бизнесімен күресте қызметтік иттердің жұмысына тоқталды. Олар есірткі қалдықтарын анықтауда төрт аяқты көмекшілердің жұмысын көрсетті.