Мамыр мерекелеріне орай Қазақстан-Қытай шекарасы жабылады

Қазақстан-Қытай шекарасы мамыр айындағы мерекелерге байланысты жабылады, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

«Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасындағы келісімге сәйкес 2024 жылғы 1, 7 және 9 мамырда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде адамдардың, көлік құралдарының және жүктердің өтуі уақытша тоқтатылады», — делінген хабарламада. .

«Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы мен теміржол бекеттері мамыр айындағы мереке күндері жұмыс істейді.