Саясаттанушы Марат Шибутов еліміздегі ахуал жайлы өз ойын білдірді

Саясаттанушы Марат Шибутов өз телеграм арнасында елімізде болып жатқан ахуал жайлы өз ойын білдірді.

Оның ойынша бұл оқиғаға «паводок» сөзін қолдану қате ұғым, өйткені бұл нағыз «половодье». «Паводок» ол бір сәтте келіп, бір сәтте жоқ болып кететін табиғи апат. Ал дәл қазір елімізде болып жатқан апатты бұлай атау мүмкін емес. Бұл кәдімгі «половодье». Бұл әр жылы қайталанатын табиғи апат, яғни біз бұл апаттың мерзімін, мөлшерін болжай алдық, білдік. Яғни, қате атау жыл сайынғы тұрақты әрекетті күтпеген нәрсені геройзіммен жеңуге айналдырады. Бұл айлакерлік.

Екінші, жергілікті әкімшілік пен әкімдердің қиын-қыстау кезде жоқ болып кететінін айтып өтті. Не бір өлкеде, не екінші өлкеде. Тек жалғыз президент өзіндік сабырлықпен зардап шеккен тұрғындармен кездесіп жүр. Ал әкімдер қайда? Неге президент бүкіл елді аралап халықпен кездесіп жүр?

Үшінші, үй бір метрге және одан да көп суға батқанда және онда бір апта немесе одан да көп күн су болған кезде, ол тұрғын үйге жарамсыз болып қалуы мүмкін. Адамдардың үйлері, аулалары, мал, үйлердегі мүліктері жоғалады. Егер оларға көмектеспесе, олар қайыршы болады, балалары да қайыршы болып қалады-қазіргі су тасқыны алып мұқтаждар тобын тудырады.